Жаңалықтар

«46 шахтер өлгенде біреуі келген жоқ». Айтыс ақыны жылап жіберді

«46 шахтер өлгенде біреуі келген жоқ». Айтыс ақыны жылап жіберді
Фото: Видеодан алынған кадр 02.02.2024 10:35 1537

Қарағанды облысы мәслихатының депутаты, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл LiFe 09 YouTube арнасына берген сұхбатында Мәжіліс депутаттарын сынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеше айтысқа бардым. «Аманат» партиясы ұйымдастырған «Алтын домбыраға» барлық депутат барды. Сол кезде оларға «46 шахтер өлді, неге келмедіңдер?» дедім. Сөйтсем: «Бізде бәрі хаттамамен ғой, бізден екі депутат барды, бізді жібермейді» деп сылтау айтады. Бұл барлық депутатқа қатысты сын: айтыскеріне де, заңгеріне де, басқасына да. Біреуі келген жоқ. Келсе халық өздері сайлағандар келді, егер олар келмегенде, бұдан былай Қарағандыға аттап басуға қақы болмаушы еді. Бір емес, 46 адам қайтыс болғанда бір депутаттың келмеуі сұмдық қой, - деді ақын.

Айтбай Жұмағұл жерлеу рәсіміне де мәжілісмендердің бір де бірі келмегенін айтып налыды. Тіпті көз жасына ерік берді.

Қызылорда, Маңғыстау болса, түсінуші едім. Ал Қарағанды тиіп тұр. Он күн жерледік. Біздің ауылдан екі адам қайтыс болды. Қайтыс болған адамның баласымен жаназада қатар тұрдық, оңай емес... Қарағандыдан бір ақын келген жоқ. Осыдан соң мен ақынмын, депутатпен қалай айтады? Мен де кереметпін демеймін, бірақ шамам келгенше бірнеше адамның жаназасына бардық, қайғыдан қан жұтқан отбасыларға көңіл айттық, - деді ол.

Мәслихат депутаты ауызбен орақ оратындарды да сынға алып, бәрін іспен көрсету керектігін айтады.

Құрмет деген бауырымыз Маңғыстауда мал қырылғанда шөп орып жіберді емес пе? Ал сен ауызбен орақ орып жүрсің. Қияметке барғанда не деп жауап бересің? Ертең Маңғыстауға барып халық алдында не деп айтысып, не деп мақтайсың?! – деді ол.

@aisultan19.84 #депутатывтиктоке #мәслихатдепутаты #мәжілісдепутаты #сенатдепутаты #кеншілер #шахтеры #смертьшахтеров #авариянашахте #шахтакостенко #айтбайжұмағұл #дидарқами #айсұлтанжақып #айсұлтанжақыпов #бұқаржырауауданы #ботақара #қарқаралы #сұмдық #шындық #ащышындық #айтысақындары #айтыскер #айтыскерақын #жүрсінерман #аманатпартиясы #ертисбаев #азатперуашев #ақжолпартиясы #депутаттар #нәпсі #нәпсініжеңу #иман #қаражәшік #бұқаржырауауданы #қарағандытөтеншежағдай #бұқаржырау #қазақстан #қр🇰🇿💙 #казахи #қазақтаралға ♬ оригинальный звук - Aisultan

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға