Жаңалықтар

Жолдағы иттердің кесірінен автобус аударылып, жеті адам мерт болды

Жолдағы иттердің  кесірінен автобус аударылып, жеті адам мерт болды
Фото: Folha 18.04.2024 18:07 2323

Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Минас-Жерайс штатында иттердің кесірінен автобус аударылып, жеті адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші жолдағы иттерді қағып кетпеуге тырысып, көлікті басқара алмай қалған.

Апат Сан-Жуан-Эвангелиста мен Сан-Педро-Ду-Суасуи муниципалитеттері арасындағы MGC-120 аймақтық трассасында болды. Автобус салонында барлығы 24 адам болған, оның 15-і ауруханаға жеткізілген, - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Ауруханаға жеткізілгендердің арасында жағдайы өте ауыр адамдар жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға