Жайық өзені бойында жағалауды нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
28.04.2024 15:10
872
Атырау қаласында Жайық өзенінің бойында жағалауды нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Дронның көмегімен су тасқыны жағдайының мониторингі жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Атырау облысының Махамбет ауданындағы жағдай тұрақты. Құтқарушылар ауданның 9 ауылдық округінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жалпы су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде және жедел штабтың тұрақты бақылауында. Дронның көмегімен су тасқыны жағдайының мониторингі жүзеге асырылуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға