Жаңалықтар

«Жәнібектің әкесі болуым мүмкін». Қымбат Досжан ДНҚ тапсырған ер азамат туралы айтты

«Жәнібектің әкесі болуым мүмкін». Қымбат Досжан ДНҚ тапсырған ер азамат туралы айтты
Фото: instagram.com/Murat Saveliev 11.01.2024 19:10 24200

«Бармысың, бауырым?» хабары Еуропада өскен, бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеуді жалғастырып жатыр. Журналист Қымбат Досжан баланың әкесіне де қатысты тың ақпаратын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құдайға шүкір. Ер-азаматтар ояна бастады. "Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы" деп бір Бауыржан есімді ер жігіт хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік, - деп жазды журналист.

Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Арқалыққа арнайы барған «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұрғанын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға