Жаңалықтар

Төреғалидің айтысқа шықпауына белгілі адамдардың қатысы бар ма? Өнер иесі жауап берді

Төреғалидің айтысқа шықпауына белгілі адамдардың қатысы бар ма? Өнер иесі жауап берді
Фото: Видеодан кадр 24.11.2023 12:00 3646

Әнші Төреғали Төреәлі блогер Нұрдәулеттің «ННН Show» бағдарламасында қонақта болып, бірнеше сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі айтысты әлі қоймағанын айтты.

Айтыстан әлі кетенім жоқ. Айтысқа шықпауыма белгілі бір адамдардың қатысы бар деген сөз жалған. Ешкім мені айтыстан қуған жоқ, – деді ол.

Сонымен қатар, өнер иесі айтысқан кезде ұйқас таппай қиналатын кездері де болғандығын жасырмады. Оған арнайы дайындықтың да қажет екендігін айтты.  

Қарсылас болудан қорқатын айтыскерлерім көп, олар – Мұхтар Ниязов, Бекарыс Шойбеков, Жандарбек Бұлғақов, – деді Төреғали.

Еске салайық, Төреғали осы бағдарламада төрт әйел алатынын да айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға