Жаңалықтар

"Терезесі жоқ, есігі қасықпен ашылатын жедел-жәрдем". Басқарма пікір білдірді

"Терезесі жоқ, есігі қасықпен ашылатын жедел-жәрдем". Басқарма пікір білдірді
Фото: Видеодан кадр 29.09.2023 12:15 1824

Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде ауылдардың біріндегі жедел жәрдем көлігінің видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадрларда жедел жәрдем көлігінің терезесі жоқ екені, алдыңғы терезесі көрпешемен жабылғаны, тіпті медицина қызметкерлері көліктің алдыңғы есігін қасықпен ашып жатқаны көрінеді. Видеодағы адам бұл көліктің жағдайы қашан шешілетінін сұраған. Көліктер Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі медициналық мекемеге тиесілі болған.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұл көліктердің уақытша берілгенін айтты.

Бұл көліктер 2008, 2014 және 2017 жылдардан бастап халық игілігіне берілген. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы жедел жәрдем емхана көліктерінің уақытша істен шығуына байланысты жұмыс тоқтап қалмау үшін берілген, - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 
Қазіргі таңда емхананың көліктері жөндеуден өтіп, өз қызметтерін жалғастыруда. Ауданның ауруханасына биыл үш санитарлық медициналық көлік қарастырылып, оның біреуі Сексеуіл медициналық ұйымына берілу жоспарланған. Алдағы уақытта бұл мәселе оңтайлы шешімін табатындығын жеткіземіз, - дейді ведомстводағылар.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға