Жаңалықтар

Су басқан аймақ тұрғындарының салық төлемдері кейінге қалдырылады

Су басқан аймақ тұрғындарының салық төлемдері кейінге қалдырылады
Фото: t.me/KZgovernment 30.04.2024 22:06 689

Салықтар мен несиелік міндеттемелер бойынша преференцияларды кім және қалай ала алады? Бұл сауалға қаржы министрі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысының айтуынша, су басқан аймақтарда тұратын жеке тұлғаларға салық төлемдері кейінге қалдырылады. Бұл, ең алдымен, мүлік, жер және көлік салықтарына қатысты.

Салық төлеу 2024 жылғы 1 шілдеге дейін үш айға кейінге қалдырылды, - деді қаржы министрі Мәди Такиев «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында.

Егер 1 наурызға дейін берешек болса, оған өсімпұл есептелмейді, сәйкесінше айыппұл да болмайды деп түсіндірді министр.

Кәсіпкерлік субъектілеріне де қолдау шаралары көрсетілуде. Оларға да салық төлеу мерзімі үш айға кейінге қалдырылады, салық есептілігін тапсыру мерзімі шегеріледі. Сонымен қатар, салықтық тексерулер жүргізбеу, өсімпұл, айыппұл есептеуді тоқтата тұру сияқты бірқатар қосымша шаралар қабылдадық, - деп толықтырды министр.

Бұл ретте бизнеске ешқайда барудың қажеті жоқ, өйткені министрлік барлық мәліметтерді жергілікті атқарушы органдардан алады.

Бұл автоматты түрде жүзеге асырылады, - деді Мәди Такиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға