Жаңалықтар

СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 14.04.2024 17:02 674

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді,-делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға