Жаңалықтар

Шымкентте төбелестен соң үйіне барған ер адам қайтыс болды

Шымкентте төбелестен соң үйіне барған ер адам қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 28.08.2023 17:47 623

Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне жетіп көз жұмған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

1982 жылы туған ер адам төбелестен соң үйіне барып, өзін нашар сезінген, әйелі жедел жәрдем шақырған.

Шақыру бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын анықтады.

«Шұғыл шақыру» бағдарламасының хабарлауынша, төбелес 25 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Тельман шағынауданында, Самал базарының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, екі адам төбелескен.

Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын медициналық сараптама анықтайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға