Жаңалықтар

Сербиядағы турнирде қазақстандық 8 боксшы финалға өтті

Сербиядағы турнирде қазақстандық 8 боксшы финалға өтті
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan 17.03.2024 09:40 776

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы өз мәресіне жақындап қалды. Қазақстан намысын қорғаған 12 боксшымыздың 8-і финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бокс федерациясының мәліметінше, кеше шаршы алаңға төрт боксшымыз шығып, төртеуі де жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады. 71 келіде Сабыржан Аққалықов монтенегролық Стефан Савковичті жеңді.

75 келіде Диас Молжігітов ресейлік Джамбулат Бижамовтан басым түсті. 80 келіде Ерасыл Жақпеков турнир қожайыны Златко Турковичті тізе бүктірді. Ал 92 келіде Данияр Рахымбердинов тағы бір серб Мирослав Савичтің сағын сындырды. Енді турнирдің финалында қазақстандық 8 боксшы жұдырықтасады.

“Belgrade winner” турнирінің финалында мына боксшыларымыз жұдырықтасады:

48 келі: Ернұр Қайрат;
51 келі: Санжар Тәшкенбай;
54 келі: Дәулет Молдашев;
71 келі: Сабыржан Аққалықов;
75 келі: Диас Молжігітов;
80 келі: Ерасыл Жақпеков;
92 келі: Данияр Рахымбердинов;
92+келі: Олжас Боқаев.

Еске салсақ, әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысып жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынауда. Турнир 17 наурызға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға