Жаңалықтар

Семейдегі қарттар үйіндегі тексерістен кейін мекеме директоры уақытша қызметінен шеттетілді

Семейдегі қарттар үйіндегі тексерістен кейін мекеме директоры уақытша қызметінен шеттетілді
Фото: Абай облысының әкімдігі 22.07.2023 10:51 920

Семей қаласында қарттар үйіндегі ахуал шиеленісіп, тексеру жұмыстары басталды. Аталған жағдайда облыс әкімдігі бақылауға алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«№ 2 Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметіне қатысты таралған бейнежазба және фотосуреттерде көрсетілген деректерді жан-жақты және объективті тексеру мақсатында ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобы іске кірісті. Оның құрамында Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Еңбек инспекциясы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық қоғамдық кеңес өкілдері бар.

Жұмыс тобы мекеменің қамқорлығындағы азаматтардың жағдайын, тамақтануын, киіммен, медициналық дәрі-дәрмекпен және емдеу шараларымен қамтылуын тексеретін болады.

Семейдегі қарттар үйіндегі тексерістен кейін мекеме директоры уақытша қызметінен шеттетілді

Қарттар үйіндегі тамақтануға қатысты келесіні хабарлаймыз: алдын ала деректерге сәйкес, 5 рет ыстық тамақ, оның ішінде орталық тұрғындарының денсаулық жағдайын ескере отырып диеталық тамақ беріледі. Астың құнарлығын және оның көлемін тексеру үшін мониторинг топ мүшелері тамақтану мәзірін, соның ішінде фото материалдар мен сынамаларды зерттеген. 

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде таралған бейнероликте көрсетілген азаматтар (төсекке таңылған, салмақ жоғалтқан және т.б.) паллиативтік топта, яғни ауыр сырқаты бар және жіті қамқорлықты қажет ететін бөлімшеде жатқанын ескертеміз. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың денсаулық жағдайы және салмақ жоғалтуы ұзақ уақыт төсекке таңылуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл топта жатқан азаматтарға (асқазан қатерлі ісігі, деменция, прогрессивті дисциркуляторлық энцефалопатия, қан айналымының бұзылуы (ОНМК.), оң жақ гемипарез және т. б.) аса ауыр диагноздар қойылған. Төсекке таңылған, қозғалуы шектелген науқастардың жағдайын тексеру барысында: көп жатқаннан пайда болатын жаралардың жоқтығы, киімдері, төсек жабдықтары таза екені тіркелді. Бұл азаматтарға нормативтік ережелерге сәйкес техникалық мен тазалық қызметтің уақытылы әрі үнемі жасалғанын көрсетеді, - деп жазды өңір әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 

Семейдегі қарттар үйіндегі тексерістен кейін мекеме директоры уақытша қызметінен шеттетілді

Орталықтың әкімшілік және медициналық персонал арасындағы еңбек қатынастары мәселесі бойынша ұжыммен арнайы жиын өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымының, сондай-ақ қызметкерлердің барлық мәселелері мен ұсыныстары талқыланған. Уәкілетті органдардың араласуын талап ететін барлық мәселелер қолданыстағы заң шеңберінде шешілмек.

Ведомствоаралық мониторингтік жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, тексеру жүргізу және процессуалдық шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданатыны айтылды. Ал мониторингтік топтың жұмысы мен тексерулер кезінде мекеме әкімшілігінің араласуына жол бермеу мақсатында орталықтың директоры өз еркімен жұмыстан уақытша шеттетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға