Жаңалықтар

Қажылыққа визасыз барған адам күнә жасаған болып саналады – ҚМДБ

Қажылыққа визасыз барған адам күнә жасаған болып саналады – ҚМДБ
Фото: muftyat.kz 03.05.2024 15:03 2338

Қажылыққа визасыз барған адам күнә жасаған болып саналады. ҚМДБ осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арбиясы корольдігінің қажылықты қажылық визасы бар азаматтар ғана жасай алатыны жөніндегі 2024 жылғы 24 сәуірдегі мәлімдемесіне орай, ҚМДБ тек рұқсаты бар турпоператорлар мен турагенттердің көмегімен үлкен қажылық сапарын жасай алатынын еске салды.

Осы орайда мекеме 2024 жылы қажылық орындары конкурс негізінде 16 туроператорға бөлінгенін мәлімдеді.

Қажылық жасаушыға да қойылатын ең басты талап: қажылық құлшылығын ешқандай туристік сапармен шатастырмай, әр қажы қажылықтың шариғи талаптарын орындауы тиіс.
Өз кезегінде ҚМДБ қажылықты ұйымдастырудың техникалық жауапкершілігін белгілі заң талаптары негізінде қазақстандық туроператорларға сеніп тапсырады. Себебі Қазақстан Республикасы азаматтарының түрлі мақсатта сыртқа шығуы туризм саласындағы заңнамалармен реттеледі және олардың құқықтарын қорғау туроператорларға жүктеледі, - делінген мәліметте.

Қажылық маусымында туроператор ҚР азаматтарын сыртқа шығу туризмі саласындағы құқықтары негізінде САК жеріне ҚМДБ бөлген қажылық орындары бойынша ғана азаматтарды алып бара алады. Қажылық орындарынан тыс адам апару екі ел арасындағы қажылық келісімшартын бұзған болып саналады.

Демек, конкурстан өткен 16 туроператор қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақ үй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттеледі, - деп қосты ҚМДБ өкілдері.

Олар: «Хикмет Тревел» ЖШС, «Атлас Туризм» ЖШС, «Қызмет Саяхат» ЖШС, «Tawaf Travel» ЖШС, «Хидаят-Нур» ЖШС, «Nurkhan travel» ЖШС, «Сембекова» ЖШС, «Sanabl kz» ЖШС, «Mina travel» ЖШС, «Ал-Маруа» ЖШС, «Ордабасы – НЖ» ЖШС, «Robinzon kz» ЖШС, «Delta Tour» ЖШС, «Иман Travel Тур» ЖШС, «Dostik travel» ЖШС, «Qazaq Sapar» ЖШС.

Айта кетсек, 2024 жылы елімізден 5081 мың адам үлкен қажылыққа барады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға