Жаңалықтар

Қазақстандық 7 жасар шахматшы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық 7 жасар шахматшы әлем чемпионы атанды
Фото: instagram.com/kzchessfederation 30.04.2024 07:31 766

Дуррестте (Албания) рапидтен өткен әлем чемпионатын жас қазақстандықтар жақсы нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлиша Бисалиева Қазақстан құрамасының қанжығасына алтын медаль салды. 2017 жылы туған Алиша 2016 жылға дейін қыздар тобында соңғы 4 раундта төрт жеңіске жетті. 2012 жылға дейін қыздар тобында үшінші орынды Ханзада Аманжол мен Далия Диасқызы бөлісті.

Қосымша көрсеткіштер бойынша Ханзада қола жүлдені еншіледі, Далия төртінші болды. Жансая Шолпанбек соңғы үш раундқа дейін бірінші орында тұрақтаса, бірақ соңғы раундта жолы болмады.

Ұлдар арасында 8 жасқа дейінгі ұлдар тобында Нұрислам Сұлтанхан үшінші орын иеленді.

Ал рапидтен Нұрәлі Нұршин 2016 жылға дейінгі ұлдардың кіші тобында американдық Li, Aiden Linyuan-мен бірінші орынды бөлісті. Жеке кездесу нәтижесі бойынша күміс жүлдені жеңіп алды.

Әлімжан Жауынбай мүмкін болған 11 ұпайдан 8,5 ұпайдан алып, қола медаль (2014 ж.т. дейінгі ұлдар арасында), ал Әлиша Бисалиева (2016 ж.т. дейінгі қыздар) рапидтегі алтыннан кейін блицте екінші орын алды.

Төртінші орында Жансая Шолпанбек, ал Ханзада Аманжол мен Әлима Өмірсерік үшінші орынды бөлісті, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша 4-ші және 7-орындарды иеленді.

Рапид пен блиц аяқталғаннан кейін қазақстандық команда Албанияда алты медаль еншіледі: бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға