Жаңалықтар

Қарулы күштердің әскери қызметшілері су басқан аудандарда тәулік бойы жұмыс істеуде

Қарулы күштердің әскери қызметшілері су басқан аудандарда тәулік бойы жұмыс істеуде
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 31.03.2024 15:22 555

Әскерилер жергілікті халықты апатты аймақтардан көшіру, эвакуациялық пункттерге гуманитарлық көмек жеткізу, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, суды бұруды және каналдарды тазартуды іске асырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметтерімен және Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы, Абай және Ұлытаудағы атқарушы билік органдарымен бірлесіп атқарылып жатыр. 

Апаттан құтқару жұмыстарына 27 наурыздан бастап 523 әскери қызметші, 47 техника, оның ішінде 8 тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.

Армия авиациясының экипаждары 1325 адамды эвакуациялады, оның 374-сі бала. Жалпы 150 рейс жасалды, 11 500 келі гуманитарлық көмек жеткізілді, Алматыдан Орал және Ақтөбе қалаларына ТЖМ 70 құтқарушысы мен 3000 келі құтқару құралдарын тасымалдау жүзеге асырылды.

420 метр ағын су кәріздері тазартылды, 200 тонна құм тасымалданды. Абай облысында бөгетті нығайту үшін Аягөз ауданының Мамырсу ауылына 2400 текше топырақ жеткізіліп, 540 метр үйінді тұрғызылды.

Әскери ұшқыштар су басқан елді мекендерден ауылдарды эвакуациялауды жалғастыруда. Су тасқыны болған аудандарда Қарулы күштердің қосымша күштері мен құралдары жергілікті халыққа көмек келуге дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға