Павлодар облысында қанша соғыс ардагері біржолғы төлем алады?
Жалпы 350 миллион теңге көлемінде төлемдер аударылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың сөзінше, бүгінде өңірде Ұлы Отан соғысының жеті қатысушысы тұрады. Оларға 2 миллион теңге көлемінде төлемдер көзделген.
Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және тыл еңбеккерлеріне теңестірілген адамдар қатарынан 3,8 мыңнан астам азамат жалпы сомасы 350 миллион теңге біржолғы төлем алады. Төлем мөлшері 10 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін болады.
Ақша қаражаты «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұсынған тізімдерге сәйкес алушылардың дербес шоттарына автоматты түрде аударылады.