Netflix Алматыға саяхат туралы реалити-шоу түсіреді
Әлемге әйгілі Netflix ағындық платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда reality travel show түсірілімі туралы жариялады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдік ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әдемі таулары мен шынайы қырғыз табиғатын қалаған.
Almaty Tourism Bureau-да атап өткендей, Алматыда reality travel show түсірілімі – елдің танылуына және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал».
Netflix – жетекші ағындық платформа. Netflix аудиториясы бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамға тең. Netflix-тің ақылы жазылушыларының саны шамамен 270 млн.