Жаңалықтар

Майқайыңдағы апат: Опырылған жер түбіндегі габаритті емес тас толығымен бөлшектелді

Майқайыңдағы апат: Опырылған жер түбіндегі габаритті емес тас толығымен бөлшектелді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 30.01.2024 19:15 1337

Төтенше жағдайлар министрлігі Майқайыңдағы апат бойынша іздестіру жұмыстары туралы бөлісті. Ведомство мәліметінше, опырылу орнындағы жұмыстар құтқарушылардың өміріне үлкен қауіп төндіре отырып жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелді. Оның ұзындығы 8 метрді, ені 7 метрді, қалыңдығы шамамен 2 метрді құрады.

Экскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялауды жалғастыруда. Опырылған жердің түпкі жағында басқа да үлкен тастар бар. Сонымен қатар оларды экскаватор гидравликалық балғаның көмегімен бөлшектейтін болады.

29 қаңтарда опырылған жердің түбінен қосалқы дөңгелек пен автобустың басқа бөліктері табылған. Жұмыс жалғасуда. Опырылған жердің түпкі жағында операцияны жүргізуге солтүстік беткейде бір экскаватор, гидравликалық балға саптамасы бар бір экскаватор, тролльдерді созуға екі бульдозер, экскаваторларды сақтандыруға екі бульдозер, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 15 құтқарушысы, КӘАҚҚ РОШ 15 құтқарушысы, 2 тау-кен инженері жұмылдырылды делінген ТЖМ мәліметінде.

Топырақтың тұрақсыздығына, мүмкін бос жерлерге және топырақ пен тау жыныстарының үнемі сырғуына байланысты опырылған жердің түбіндегі жұмыстарға көп техникалар мен мамандарды тарту мүмкін емес. Құтқарушылардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан бір немесе екі шағын экскаватор және техниканың бағытын үйлестіру үшін бірнеше маман түбіне түседі. Ал қалғандары жиегінен қызметкерлерді сақтандыру кабельдерінің көмегімен шығарып алу үшін шетінен сақтандырылады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 138 адам, 40 бірлік техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылған.

Еске салсақ, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы технологиялық автожолда жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне автобус құлап, екі адам қаза тапты. Автобуста барлығы 4 адам болған.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға