522.63
548.66
5.07

News

Алматы облысының жеңімпаздары

Алматы облысының жеңімпаздары
06.06.2019 12:05 3779

Алматы облысы: Ақбасовтар отбасы  

   

Отағасы - Ақбасов Баясыл Ерасылұлы (62 жаста)

Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы». 1982-1986 жылдар аралығында Кербұлақ аудандық Комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметін абыроймен атқарды. Бүгінде қарамағында 25-30 қызметкері бар, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы. Барлық қызметкерлерінің жағдайына ерекше мән береді. Жыл сайын 4,5 млн. теңгеге көп балалы отбасыларға үй сатып алып беруді қолға алған.

Отанасы - Ақбасова Ғалия Ниязқызы (60 жаста)

1979-2017 жылдар аралығында аудандағы бірнеше білім ошақтарында ұстаздық етіп, басшылық қызметте болған, жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаз, қадірлі ана. Қасиетті Күреңбел өңірінде дүниеге келген. 2019 жылдың ақпан айында Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көп балалы аналар атынан Елбасының алдында сөз сөйлеген.

Қызы - Ақбасова Назира (41 жаста)

Төрт балалының анасы, Республикалық медициналық училищені бітірген. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Ұлы - Ақбасов Айдос (38 жаста)

М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясын экономика мамандығы бойынша аяқтаған. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер. Зайыбы Ақбасова Тәжігүл, бастауыш сынып мұғалімі. 3 баланың әкесі. Жыл сайын жағдайы төмен отбасылардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтарын, мектеп формаларын, оқу құралдарын сыйға тартады. Жаңа оқу жылында 1 млн теңгеге мектеп жасындағы балаларының киім - кешегі мен мектеп құрал – жабдықтарымен толық қамтамасыз етеді.

Ұлы - Ақбасов Нұрлан (37 жаста)

Ө.Жолдасбеков атындағы эканомика және құқық академиясын тәмамдаған. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер. Жары - Ақылбекова Әсем 1 санаттағы тәрбиеші.

Қызы - Ақбасова Назгүл (29 жаста)

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін  ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген. Қазақ тілі, ағылшын пәндерінен аудандық, облыстық пән олимпиадаларына қатысып, аудандық пән олимпиадасынан 3 мәрте 1 орын иеленсе, облыстан жүлделі 3 орын иеленген. Абай, Мұқағали, Ілияс оқулары, «Жетісу жұлдыздары», аудандық қыз сыны байқау сайыстардың жүлдегері. 2015 жылы «Үш тұғырлы тілдер сайысы» атты байқаудың жүлделі 1 орын иегері.

Ұлы - Ерасыл Елдос (23 жаста)

Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімінде тәлімгер болып қызмет етеді.

Алматы облысы: Қыстаубаевтар отбасы

Отағасы - Қыстаубаев Әбдіжаппар Өгізбайұлы (1959 ж.т)

«Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», халықаралық «Лавры Славы» және Оксфорд саммитінен «Жыл менеджері», «Сала көшбасшысы» атты марапаттауларға ие болған. Алматы облысы мен Балқаш ауданының «Құрметті азаматы». «Құрмет», «Парасат» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енгізілген. Қазақ Ұлттық аграрлы университетінің құрметті профессоры. Бірлік «Агро Фирма» ЖШС-ның директоры.

Отанасы - Ұйтқыбаева Сауықкул Сауықбайқызы (1962 ж.т)

1978 жылы Ю.Гагарин атындағы орта мектепті бітірген. 1980-1982 жылдары Талғар ауыл шаруашылық техникумын есепші мамандығы бойынша аяқтаған. 1999 жылдан қазірге дейін  «Бірлік» агрофирмасы ЖШС-де есепші болып жұмыс атқарады. 2015 жылы халықаралық бизнес рейтингісінің «Үздік есепші» сыйлығымен марапатталған.

Ұлы - Өгізбаев Мэлс Әбдіжаппарұлы (1982 ж.т)

Білімі жоғары. Қазіргі таңда «Бірлік құрылыс жөндеу» ЖШС-ның директоры. 2005 жылы өз алдына отау құрып, жұбайы Айдарбекова Айыммен 3 ұл,2 қыз тәрбилеп отыр.

Ұлы - Қыстаубаев Алмас Әбдіжаппарұлы (1985 ж.т)

Білімі жоғары. Қазіргі таңда «Бірлік Агро Фирма» ЖШС  директорының орынбасары. 2008 жылы отау құрып, жұбайы Сейткерова Айжанмен  2 қыз, 1 ұлы тәрбилеп отыр.

Ұлы - Әбдіжаппаров Жандос (1991 ж.т)

Білімі жоғары. Қазіргі таңда «Бірлік АЖА» ЖШС-нің директоры. 2018 жылы Алматы облысы әкімі А.Баталовтың «Құрмет» громатасын алған. 2012 жылы Әбдіжаппарова Ұлпан Жанқабылқызымен отау құрып  2 қыз,1 ұлы тәрбиелеп отыр.

Қызы - Әбдіжаппарова Айтолы (2006 ж.т)

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №12 мамандандырылған мектептің 6-сынып оқушысы. Сыныпта өте белсенді, үздік оқушылардың қатарында.

Share:
Telegram Subscribe to our Telegram channel and be the first to know the news!