495.95
524.37
4.98

30 November 2017, 10:53

Марат Саршаев

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі. Бүгінде инсульт дүние жүзіндегі өзекті проблема болып отыр. ДДСҰ-ның деректері бойынша, дүниежүзінде  жыл сайын инсульттен 6,2 млн адам көз жұмады.  Қазақстанда 2015 жыл ішінде 41 мыңға жуық адам  инсультке ұшырап, оның 24 %-ы өліммен аяқталды. Инсульттің алдын алу жəне азайту үшін  2016–2020 жылдарға арналған «Денсаулық» (ҚР-да медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту) мемлекеттік бағдарламасына сəйкес Марат еңбек ететін бөлімде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетіледі. 2016 жылдың ішінде бас миының қан тамырларына жасалған 243 ота сəтті өткізіліп, бас миы мен жұлынға басқа да ота түрлері ойдағыдай жасалды. Мұндағы Марат Саршаевтың еңбегі ұшан-теңіз. Марат Саршаев – бірінші санатты дəрігер. 2015 жылы оған «Ең үздік жас дəрігер» атағы берілді.

Share: