522.63
548.66
5.07

30 November 2017, 10:23

Беркін Тұрқұлов

2013 жылдан бері туабітті жүрек ақауы бар сəбилердің жүрегіне бір өзі 400-ден астам ашық операция жасап, 800 операцияға ассистент болды. Ол – туабітті жүрек ақауымен туған сəбилерге ота жасайтын ең жас балалар кардиохирургі. Салмағы бір килограмға толмай шала туған сəбилердің жүрегіне ашық операция жасайды. Ресей, Италия, Корея, Швейцариядан келген əріптестерімен бірге Алматы қаласы Перинатология жəне балалар кардиохирургиясы орталығында сырқаттарға ота жасады. Ерте жастағы балаларда негізгі қан тамырларының транспозициясы, өкпе көк тамырларының жаппай ауытқушылық дренажы, өкпе артериясының атрезиясы, функционалды жалғыз жүрек қарыншасы сияқты оталарды енгізуге мұрындық болды. Халықаралық жəне республикалық ғылыми форумдардың жұмысына бірнеше рет қатысты. 2012 жылы Мəскеу қаласында Жүрек-қан тамырлары хирургтерінің Х\/ІІІ бүкілресейлік съезіне; 2013 жылы Астана қаласында Кардиохирургтердің ІІ Ұлттық конгресіне қатысты; 2015 ж. Тараз қаласында өткен Кардиохирургтердің ІV Ұлттық конгресінде баяндама жасады.

Share: