495.95
524.37
4.98

News

Ақтөбе облысының жеңімпаздары

Ақтөбе облысының жеңімпаздары
13.06.2019 09:47 3763

Ақтөбе облысы: Исимбетовтер әулеті

Отағасы - Асылбек Исимбетов

Қырық жылдан аса уақыт теміржол саласында қызмет етіп келеді. «Құрметті теміржолшы», «Үздік жол шебері» секілді марапаттарға ие болған. Бір қызығы, Асылбек Мәжитұлының туған әкесі Ерсары 35 жыл, анасы Ұмсын 33 жыл осы салада тер төккен. Атасы Мәжит те саналы ғұмырын теміржол станциясында еңбектеніп өткізіпті. 

Отанасы - Гүлданай Исимбетова

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын ауылындағы жергілікті А.Жұбанов атындағы орта мектепте 30 жыл бастауыш сыныптарына сабақ берген білікті педагог. 

Қызы - Ақбөкен Асылбекқызы

Ақбөкен «Қазақстан теміржолы» акционерлік қоғамының Ақтөбе филиалында қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер болып келе жатқанына – 18 жыл. Жары Ермек пойыз диспетчері, еңбек өтілі 20 жылды құрайды.

Қызы - Ақмарал Асылбекқызы

Жоғары білімді. Теміржол саласында білім алғанымен,  жеке кәсіпке бет бұрған.

Ұлы - Нұрлан Асылбекұлы

Қандыағаш сигнализация және байланыс станциясында  бас механик болып қызмет етіп келе жатқанына сегіз жыл болған.

Қызы - Индира Асылбекқызы

Индира Ақтөбе әскери госпиталінде ақ халатты абзал жан.

Осы үш қыз, бір ұлдан тараған сегіз немере ата-әжесінің көз қуанышына айналған. Олардың алды математика, ағылшын тілі секілді пәндік олимпиадаларда жақсы жетістіктерге жетіп жүр. Кейбірі спортты жанына серік еткен. 

Ақтөбе облысы: Әбілдаевтар отбасы

Отағасы - Сайлаубек Әбілдаев

Жамбыл облысындағы К.Әзірбаев атындағы сельхоз техникумын тәмамдаған соң, туған жерге оралып, «Арал кеме жөндеу» зауытында жұмыс жасаған. Бірнеше жыл теміржол саласында жолсерік болып қызмет атқарған. Бүгінде жеке кәсіппен айналысып жүр. 

Отанасы - Бибігүл Әбілдаева

Қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты "Анаға тағзым" орталығында медиатор болып қызмет етеді. Жоғары білімді. 41 жасында А.Жұбанов атындағы университеттің сырттай бөліміне оқуға түсіп, "бастауышқа дейінгі дайындық" мамандығын меңгеріп шыққан. Бүгінге дейін бес жүзден аса отбасының шаңырағы шайқалуынан аман алып қалған. 

Қызы - Тоғжан Сайлаубекқызы

Жоғары білімді. Алматы экономикалық университетін тәмамдаған. Жастайынан өлең жазып, ақындығымен танылған.

Қызы - Асыл Сайлаубекқызы

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазірде Ақтөбе қаласының статистика департаментінде жұмыс жасайды. Қолөнер бұйымдарын жасағанды жаны сүйеді. 

Ұлы - Қанат Сайлаубекұлы

А.Жұбанов атындағы уинверситетке түсіп, жергілікті басқару мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Кәсіби білімі болмаса да, суретшілік өнерді жанына серік еткен. Пейзаж, портрет, анимациялық кейіпкерлерді салғанды ұнатады. 

Ұлы - Керімхан Сайлаубекұлы

Жоғары білімді. А,Жұбанов атындағы университетті биыл тәмамдап отыр. Жастайынан білімге жаны құштар Керімхан тек бір жақты емес, жан-жақты болғанды қалайды. 

Ұлы - Ырысалды Сайлаубекұлы

7-сыныпқа көшеді. Футбол ойнағанды жақсы көреді. Ағасы секілді кітаптарды көп оқиды.

Қызы - Самира Сайлаубекқызы

Келесі жылы 6-сынып табалдырығын аттамақ. Ақтөбе қаласындағы «Шығармашылық академиясының» дебат бөлімінде мүшелікте тұр. Би үйрімесіне қатысады, домбыра тартады. Жақында өткен «Ұлы дала ұрпағымыз» атты өнер сайысында бас жүлдені қанжығаға байлады. «Нұрлы жас» байқауында 1-орын алып, оңтүстік астанамызда өтетін сынға дайындық үстінде. 

Ұлы - Сұлтан Сайлаубекұлы

Осы оқу жылында 1-сыныпты тәмамдады. Математика пәнін жаны сүйеді. Болашақта техникалық мамандық иесі болуды армандайды.


Share:
Telegram Subscribe to our Telegram channel and be the first to know the news!