Жаңалықтар

Елордалық құтқарушылар итті құтқарды

Елордалық құтқарушылар итті құтқарды
Фото: gov.kz 24.12.2023 06:33 728

Батыл да батыр құтқарушылар күнделікті 7-8 шығу жасайды, кейде одан да көп, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс барысында неше түрлі жағдайларға кезігеді. Сондай жағдайлардың бірі 20 желтоқсанда орын алды. Бұл күні жедел құтқару жасағының құтқарушылары Мақатаев көшесіндегі үйде иттің құдыққа түсіп кетті деген хабарлама бойынша шықты.

Келу бойынша жаңадан құрылысы жүріп жатқан құрылыс алаңындағы лифт шахтасында 5-6 метр тереңдікте иттің түсіп кеткені анықталды. Жедел әрекеттердің арқасында үш иінді сатының және құтқару арқаның көмегімен құтқарушылар итті алып шыққан.

Осы жағдайда қала тұрғынының бірі құтқарушылардың жедел әрекеті мен батылдықтарына ризашылығын білдірген.

Құтқарушының басты мақсаты кез келген жағдайда ең алдымен құтқару, ол адам болсын немесе біздің төрт аяқты достарымыз болсын!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға