Жаңалықтар

Еліміздің өңдеу өнеркәсібі 13,4 пайызға өсті

Еліміздің өңдеу өнеркәсібі 13,4 пайызға өсті
Фото: © Pixabay.com 03.10.2023 10:47 2766

2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі елдің жалпы ішкі өнімінде 13,4 пайызды құрап, сауда мен тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сала өндірісінің оң динамикасы байқалады. Өткен жылы өндірілген өнімнің көлемі 21,1 трлн теңгені құрап, 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есеге артты. Салада 613 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз ететін 20 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары бюджетке 2,7 трлн теңге салық төледі, - деді министр

Министр өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 8 ай ішінде 14 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға өскенін айтты.

Салалар бөлінісінде тұрақты өсім 28,1 пайыз көрсеткішімен машина жасау саласында байқалады. Бұл автокөлік құралдары (+42,2%), машиналар мен жабдықтар (+22,5%) және электр жабдықтарын (+34,3%) шығару есебінен мүмкін болды. Жеңіл өнеркәсібінде тоқыма бұйымдары өндірісінің (+35,9%) өсуі есебінен өсім 19,8 пайызды құрады. Химия өнеркәсібінде өсім аммофос өндірісінің (+44,8% ) өсуі есебінен 3,1 пайызды құрады. Металлургия саласында 4 пайызға жуық төмендеу байқалады. Бұған металлургия зауыттарындағы негізгі пештерді жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер етті. Алайда индикатордың динамикасы қалпына келуде, - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға