Жаңалықтар

Елімізде 8 мыңнан астам тұрғын үйден су сорылды

Елімізде 8 мыңнан астам тұрғын үйден су сорылды
Фото: t.me/ortcom_kz 03.05.2024 16:20 350

Өткен тәулікте Құлсары қаласында 150 мың текше метр су сорылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалған су басқан 216 үйден су сору жұмыстары жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Зубовск кентінде 18 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғастырылуда. Өткен тәулікте жылжымалы сорғы станциялары мен мотопомпалардың көмегімен су басқан 356 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, барлығы 27 мың текше метр су сорылды. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп осындай мәліметтерді келтірді.

Республика бойынша 8 189 тұрғын үй мен 2 988 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 14 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, - деді спикер.

Өңірлерге әуе, теміржол және автокөлікпен 7 мыңға жуық тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға