Жаңалықтар

Екі жылда 62 педофилге химиялық кастрация жасалды

Екі жылда 62 педофилге химиялық кастрация жасалды
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 30.10.2023 17:18 712

Денсаулық сақтау министрлігі педофилдерге кастрация қалай жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы 30 педофилге химиялық кастрация жасалды. Ал биыл қыркүйек айының соңында 32 адам химиялық кастрациядан өтті. Химиялық кастрация — бір реттік процедура емес. Процедура сот шешімімен тағайындалады және пациентке тестостерон деңгейін төмендету үшін ұзақ уақыт антиандрогенді препарат салынады, — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Kazinform агенттігіне берген мәліметінде. 

Сонымен қатар министрліктен педофилге медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілім болған жағдайда қандай шара қолданылатыны туралы түсінік берілді.

Химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеу — тестостерон синтезін төмендету және рецепторларды блоктау арқылы жыныстық құмарлықты төмендететін антиандрогенді препаратты қабылдау ғана емес. Сонымен қатар психиатр дәрігер оған жыныстық-рөлдік сәйкестікті қалыптастыру, жаңа жыныстық мінез-құлық пен педофилді алмастыратын жыныстық артықшылықты дамыту және жүзеге асыру мақсатында психотерапиялық көмек көрсетіп, қадағалайды. Осылайша антиандрогенді препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болған жағдайда ол үнемі психиатр дәрігер бақылауында болып, психотерапиялық ем алады, — дейді ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға