Жаңалықтар

«Депутаттар iPhone 15 қана ұстайды»: бала мәжілісмендерді күлкіге қарық қылды

«Депутаттар iPhone 15 қана ұстайды»: бала мәжілісмендерді күлкіге қарық қылды
Фото: El.kz коллажы 15.04.2024 09:06 1307

Оралдағы эвакуациялық пункттердің біріне барған мәжілісмендерді жас бала күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ринат Зайытов, Еділ Жаңбыршин, Абзал Құспан мен Нартай Аралбайұлы бастаған бір топ депутат эвакуациялық пункттердің біріне барған. Мәжілісмендердің қолына көзі түскен бала: «депутаттардың бәрі iPhone 15 ұстайтын болған» деп, көпшілікті ду күлдірген.

Ринат Зайытов пен Еділ Жаңбыршин өздерінде басқа смартфон екенін айтып ақталғандай болды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодағы баланың тіліне пікір білдірушілер де риза болған.

«Бетке айтты», «Бәрі ақталып кетті ғой», «Қатырды», «Қатырды», «Бетке айтты ғой», «Бала шынын айтады деген осы», «Бір күліп алдыңдар ғой», «Болашақ депутат», - деп жазып жатыр оқырман.

@zaitov_rinat_resmi

Оралда эвакуацияланған бала депутаттарды қызартты

♬ оригинальный звук - RINAT ZAITOV

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға