Жаңалықтар

Денис Никиша әлем кубогінің қола жүлдеге қол жеткізді

Денис Никиша әлем кубогінің қола жүлдеге қол жеткізді
Фото: © Olympic.kz 18.12.2023 08:24 852

Шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Денис Никиша қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан командасының капитаны 500 метрге жүгіруден мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші - 41.525. 

Алтын медальді қытайлық Шаоан Лю (41. 196)еншілесе, күміс жүлдеге кореялық И-Ра Сё (41.205) қол жеткізді.

Айта кетелік, бұған дейін Денис Никиша Қазақстан командасының мүшелерімен бірге Монреальда (Канада) өткен әлем кубогінің қола медалін жеңіп алған еді. 

Ал ерлер арасында 1500 метрге жарысудан финалға шыққан Еркебұлан Шамұханов жарысты аяқтай алмады. Ол ереже бұзғаны үшін пенальти алып, айдыннан қуылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға