Жаңалықтар

Бөгде ғаламшарлықтардың басып кіруі ме? Аляскада ерекше құбылыс байқалды

Бөгде ғаламшарлықтардың басып кіруі ме? Аляскада ерекше құбылыс байқалды
Фото: twitter.com/skywatchv 19.04.2023 16:50 1409

Аляска аспанында спираль тәріздес солтүстік жарқылға ұқсас жұмбақ құбылыс көрінді. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып BasSport.kz.

Аляска тұрғындары көк және жасыл түстердің ерекше жарқылын байқады. Көпшілік мұны Солтүстік жарқыл деп ойлағанымен, оның себебі басқа болып шықты.

Жақында орбитаға 25 спутникті тасымалдау үшін Калифорниядағы аэродромнан SpaceX зымыраны ұшырылған. Жарқыл содан пайда болған екен.

Желі қолданушыларының арасында мұны бөгде ғаламшарлықтардың басып кіруі деп қабылдап, тіпті порталдың есігіне теңегендер болған. Дегенмен ғарыш физигі Дон Хэмптон оқиғаның мән-жайын айтып, мұның қалыпты құбылыс екенін түсіндірді.

Кейде зымырандарды ұшырған кезде артық отын мәселесі туындайды, ал артық отын төгілуі керек. Сол кезде ол атмосферада жанып, ерекше із қалдырады. Зымыранның лақтырылған жоғарғы сатысы пайдаланылмаған отынды төгу кезінде Аляска үстінен ұшып өткен, тиісінше бұлт спиральға айналған. Бұл көрініс соның нәтижесі, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға