Жаңалықтар

Байжановтың әйелі: Бақытжан аңқауланып, Бишімбаевқа сеніп қалды

Байжановтың әйелі: Бақытжан аңқауланып, Бишімбаевқа сеніп қалды
Фото: Видеодан кадр 03.05.2024 17:07 1270

Қуандық Бишімбаев ісінде айыпталған Бақытжан Байжановтың әйелі Айнұр Күлдеева сотта сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бақытжан екеуміз 2016 жылдан бастап біргеміз. Сол жылдан бастап бір-бірімізбен қатты ренжіскен емеспіз. Бақытжан тәрбиелі, иманды, адал азамат. Жұмысына адал азамат. Ол сол күні Салтанаттың ауыр халде жатқанынан хабардар емес еді. Бишімбаев оның ағасы ғана емес, жұмыс берушісі еді. Бақытжанның аңқаулығы Бишімбаевтың бар айтқанын істеп, Салтанат жалаңаш жатқандықтан оның түріне қарай алмауы. Бақытжанның қателігі тез арада Салтанатқа көмек көрсетпей, ағасының айтқанына сенуі. Бақытжанның орнында кез келген адам болуы мүмкін еді. Бұл сотта тек Бақытжанның емес, отбасымыздың тағдыры шешіледі. Сіздерден өтініп сұраймын. Балаларды әкесінен айырмаңыздар. Қызым әлі 7 айлық. Сіздерден өтініп сұраймын, - деді Бақытжан Байжановтың әйелі Айнұр Күлдеева.

Сондай-ақ Бақытжан Байжанов екеуі бірге 3 бала тәрбиелегенін және Бақытжанның жақсы жақтарын айтты.

Айта кетейік, судья Айжан Құлбаева Бақытжан Байжановқа тағылған қылмыс жайлы хабарламағаны туралы істі тоқтатты. Енді Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің бір ғана бабы бойынша айып тағылады. Ол 432-бабының аса ауыр қылмысты жасырып қалу бойынша жауап береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға