Жаңалықтар

Баянауыл ұлттық саябағында шыққан өрт оқшауланды

Баянауыл ұлттық саябағында шыққан өрт оқшауланды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 15.07.2023 13:20 630

Өрт сөндірушілердің күшімен Баянауыл ұлттық саябағында қураған шөп жануы оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 шілде күні сағат 12:45-те Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөп өртеніп төтенше жағдай орын алды.  Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жанған аумақтың ауданы 800 гектарды құраған.

Өрт Баянауыл ауданындағы Долбинск орманшылығының аумағына өтіп, сол жерде 20 гектар аумақты қамтыған. 

Жануға қарсы күреске облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құралымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы жұмылдырылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға