Жаңалықтар

Атырауда достарымен балық аулауға кеткен ер адам жоғалып кетті

Атырауда достарымен балық аулауға кеткен ер адам жоғалып кетті
Фото: © Polisia.kz 12.09.2023 17:29 489

10 қыркүйек күні 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын мәлімдеген, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі. 

Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған, - делінген полиция хабарламасында.

Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса 102 операторына хабарлауыңызды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға