Ақмолада жеке үйде өрт шықты

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
30.03.2024 12:20
678
Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға бүгін 30 наурызда сағат 06.47-де Астрахан ауданы Камышевка ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры мен қабырғалары зақымданған. Өрт аумағы - 45 шаршы метр.
Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД 4 құтқарушысы мен 1 техникасы дереу жеткен. Қызыл жалын 08.50-де толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтеншеліктер өрттің себебін анықтап жатыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді