Жаңалықтар

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталатыны айтылды

Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталатыны айтылды
Фото: pixabay.com 14.04.2023 19:41 1731

Алматыда 20 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі әкімдікке сілтеме жасап.

Мұндай шешім қалада 5 күн бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы 8 градустан жоғары болған кезде қабылданады. Әуелі өнеркәсіптік және әкімшілік нысандарда, содан кейін – тұрғын үйлер, мектептер, мектепке дейінгі балалар мен емдеу мекемелеріне жылу беру тоқтатылады, - делінген хабарламада.

Жылу кезең-кезеңімен өшіріледі:

1) әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар, өзге де ғимараттар;
2) тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қонақ үйлер);
3) әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға