Жаңалықтар

Алматыда Қонаев тұрған музей-үй сатылады: Музей ресми ақпарат берді

Алматыда Қонаев тұрған музей-үй сатылады: Музей ресми ақпарат берді
Фото: Instagram / museumkunaev 19.04.2024 11:49 656

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар арасында Алматыдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы музей-пәтер сатылымға шығарылғалы жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұражай өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК балансында және мегаполистегі келушілер саны бойынша алдыңғы қатардағы музейлердің бірі болып саналады. Желіде музей-пәтерді сатуға қатысты таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрметті БАҚ өкілдері және желі пайдаланушылары, тексерілмеген әрі жалған ақпаратты жарыса жарияламауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері Алматы қаласында Төлебаев көшесі, 119-үйде орналасқан. Дінмұхамед Қонаев бұл пәтерде 1969-1993 жылдар аралығында тұрған. Музей-пәтерді сәрсенбі және сенбі күндері аралап көруге болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға