Жаңалықтар

17 тамызда барлық өңірде жел соғады

17 тамызда барлық өңірде жел соғады
Фото: © El.kz 17.08.2023 06:35 563

Синоптиктер 17 тамызда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр, найзағай, түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Республика бойынша екпінді жел тұруы мүмкін, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-36°С қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға