Жаңалықтар

Зорламақшы болған. Алматыда 20 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Зорламақшы болған. Алматыда 20 жастағы қыз терезеден секіріп кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.07.2023 16:19 1389
Алматы қаласында 20 жастағы бойжеткен үшінші қабаттан секіріп кетті. Бірнеше қыз оны қамап қойып, тәнін саудалауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.
 
Жаға ұстатарлық оқиға Абылай хан көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған. Қалаға жұмыс іздеп келген жас қызды құрбысының таныстары алдап үйінен шығарып, артынша соққыға жыққан. Одан кейін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Үшінші қабаттан секірген бойжеткен аман қалды. Бірақ екі айдан бері төсекке таңылып жатыр.
 
20 жастағы бойжеткен аяғына тік тұра алмайды. Оның қолы, саусақтары, екі аяғы мен арқасы сынып, зақымданған, миы шайқалған.
Қыздар бойжеткенді қоқытып, 2 сағаттың ішінде 100 мың теңге тауып беруге мәжбүрлеген. Жәбірленушінің айтуынша, олардың қолында пышақ болған.
 
Олар 5 жігітпен пәтерде жатасың. Қарсылық танытып жатқанымда, пәтерге бір еркек келді. Аружан деген қыз: Мына қызды ал да кіре бер. 10 мың теңге» деді. Қатты қорқып қалған мен ас бөлмесінің ашық тұрған терезесінен секіріп кеттім, — дейді жәбірленуші.
Анасының айтуынша, қызы қазір дұрыс ұйықтай алмайды. «Анашым, өмір сүргім келмейді. Сізге масыл болдым» деп жылайды дейді бойжеткеннің анасы. Ал полицейлер істі тергеуге асықпай отыр. Дәрігерлер зардап шеккен қызға әзірге орнынан тұруға болмайтынын айтқан.
 
«рыз жаздым, біреуі қаралып жатыр дейді, енді біреуі ондай шағым түскен жоқ деді. Мен 18-і күні полицияға барғанымда, ондағылар: «ешқандай шағым түспеген, бәрі архивке жіберілді» деді. Не себепті жібергендерін сұрағанымда: «Сіздің қызыңыз ешкімге шағымданбаймын деп қол қойып берді» деді. Қызымның қолы сынған, ол қалай жазып береді? — деді жәбірленушінің анасы.
 
Алматы қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оған Алмалы аудандық полиция басқармасы жауапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Депаратмент басшылығы істі жеке бақылауға алды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға