Жаңалықтар

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер арнайы төлемді қалай рәсімдейді

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер арнайы төлемді қалай рәсімдейді
Фото: © El.kz 22.01.2024 15:17 900

Қазақстанда ұзақ уақыт бойы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген мыңға жуық адам арнайы төлемді рәсімдеп үлгерді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Анархан Дүйсенова Қарағандыда өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер арнайы төлемді қалай рәсімдейді

Процесс басталды, бірақ әлі де көптеген сұрақтар туындауда. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қарағандыда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сақтандыру компанияларының, БЖЗҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 

Оған Qarmet компаниясының қызметкерлері, кадр қызметінің басшылары шақырылды.

Жергілікті жерлерде, тікелей кәсіпорындарда заңнама нормаларын дұрыс түсіндірудің маңызы зор. Сондықтан қазір көп нәрсе кадрлар жөніндегі персоналға байланысты, – деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Алпысов.

Естеріңізге сала кетейік, арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттары: 55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіби зейнетақы аударымдарының болуы.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер арнайы төлемді қалай рәсімдейді

Аталмыш төлемді алушылар екі санатқа бөлінген. Біріншісі: қазіргі уақытта жұмыс істемейтіндер, бірақ талаптарға сай келетіндер. Оларға төлем екі көзден – республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан жүзеге асырылады. Өтінішпен ХҚКО-ға жүгіну қажет.

Екінші санат: жұмыстан кетуге немесе жеңіл жұмысқа ауысуға шешім қабылдаған кәсіпорын қызметкерлері. Бұл жағдайда төлем төрт қаржы көзінен жүзеге асырылады: жұмыс беруші, сақтандыру компаниясы, арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, БЖЗҚ.

Барлықтарыңыз білерсіздер, арнайы әлеуметтік жәрдемақы мәселесі ұзақ уақыт бойы талқыланып келеді. Тиісті нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. 1 қаңтардан бастап бұл арнайы төлем тағайындалды. Ел бойынша мыңға жуық адам ресімделді – олар жұмыссыздар қатарынан. Оның ішінде Қарағанды облысы бойынша – 209, – деді Анархан Дүйсенова.

"Qarmet" АҚ персонал жөніндегі директоры Динара Дәуренбекова бүгінгі таңда кеншілер мен металлургтерден 200-ден астам өтініш түскенін хабарлады. Оның айтуынша, компания жеңіл еңбек жағдайларымен жұмыс ұсынуға тырысады.

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер арнайы төлемді қалай рәсімдейді

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер арнайы төлемді қалай рәсімдейді

Төлем зейнеткерлік жасқа дейін жүзеге асырылады деп көзделеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға