Өзін-өзі тану пәні мектептегі міндетті пәндер қатарынан алынды
Бұл пәннен көбінесе өзге пәннің мұғалімдері сабақ берген.
Фото: kazgazeta.kz
Фото: kazgazeta.kz
16.08.2022 14:11
2067
Мектепте өзін-өзi танy пәні мәндетті жүктемелі пәндердің қатарынан алынып тасталды. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов үкімет үйінің баспасөз алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Жаңа oқу жылынан бастап мектепте өзін-өзі танy пәні мәндетті жүктемелі пәндердің қатарынан алынып тасталды. Себебі, бұл пәннен көбінесе басқа пәннің мұғалімдері сабақ берген. Оларға қосымша сағаттар жазылып, қосымша табыс пен үстемақы төленген. Сондай-ақ пәннің негізіне аса көңіл бөлмегендіктен біз алып тастауды жөн деп санадық», - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері әлеуметтік педагог ретінде штатта жұмыс істей алады. Сондықтан олардың жалақысы азаймайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі олигархтар мектеп салуға көмектесе ме?