Өзіңді тәжірибелі жүргізуші санайсың ба?
04.04.2016 10:56
3404
Жүргізуші автокөлікті басқару үшін жол ережелерін білумен шектеліп қалмауы тиіс. Өйткені, еш жерде жазылмаған, бірақ темір тұлпар иелері арасында өте жиі қолданылатын белгілер бар. Егер төменде келтірілген көпшілікке белгісіз ережелердің барлығын білсең және оларды күнделікті қолданып жүрген болсаң, өзіңді тәжірибелі жүргізушілердің қатарына жатқызуыңа болады.
- Жол сұраған көлікке жол берген жағдайда апаттық белгісін (аварийный знак) жақса бұл оның «рахмет» айтқаны.
- Қарама-қарсы келе жатқан автокөлік қуатты жарығын бірнше рет жағып-өшірсе «алдыңда жол полиция қызметкері бар» деген белгі. Мұндай жағдайда белгі берген жүргізушіге рахмет айтуды ұмытпаған жөн.
- Алдыңызда келе жатқан көлікті озуға әрекет жасаған сәтте ол оң жақ бұрылыс көрсеткішін (поворотник) жақса «жол бос, озуыңа болады» деген белгі. Ал егер ол сол жақ бұрылыс көрсеткішін жаққан болса «қарсы келе жатқан көлік немесе шұғыл бұрылыс бар» дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда өз жолыңа қайтадан орналасқан дұрыс.
- Артыңыздан келе жатқан көлік қуатты жарығын жағып-өшіріп немесе сигнал берсе «асығыспын, жол бер» деген белгі. Мұндай жағдайда асыққан жүргізушіге жол берген дұрыс. Өйткені, бір күні сен де оның орнында болуың мүмкін.
- Егер қарсы келе жатқан жүргізуші екі қолын айқастырып көкірегіне қойса бұл «алда жол жоқ» дегенді білдіреді.
- Алдыңда тоқтап тұрған автокөлік тежегішті бірнеше рет басып белгі берсе «жер тайғақ немесе жол тегіс емес» дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда жылдамдықты бәсеңдетіп, арақашықтық сақтаған жөн.
- Жүргізуші саусағымен шеңбер салып, төменге көрсетсе «дөңгелегіңнің желі аз» дегенді білдіреді.
Алмас САУДАНБАЙ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Геннадий Головкин ЭКСПО-2017 елшісі атанды
Келесі жаңалық
Қазақмыс филиалының атауы Сәтбаевтың құрметіне өзгертілді