Жаңалықтар

Жыр кештерi

Жыр кештерi
27.08.2014 03:06 4119

Жыр кештері-Қазақтар иран жерін қоныстанған жылдары «жыр кешін» өткізетін. Сондай-ақ қыз ұзату мен келін түсіру күндері кешкісін «ойын» атты мерекелік кештер өткізіп, қатысушылар таңға дейін əн-жыр тыңдайтын.Сол кештерде біздің буын Нұрым, Əбіл (Абыл), Қашаған, Сүгір, Мұрын сынды жыраулардың өнері мен өмірін біршама естіп өсті.

Жыр кештердің жыршылары- Назар Бəубек кəрия болды. Ол кісі əбден қажып, қырылдаған дауысымен білгендерінің барын бергісі келіп, домбырасын қолына алып соңғы деміне дейін əн салып дүниеден өтті. Мен жас бала болсам да Назар атаның жыр-əнге деген ынтасына, ықыласына іштей риза болатын едім. Кəрияның туған баласы да Назарұлы Темірбай ағамыз əкесінің жолын жалғастырып өле-өлгенше қазақ жырларын шырқады. Жаңбыр, Зайыр, Қожаназар, Емберген, Қайырбай,Атан есімді ағалар əл-қадіріншеестерінде қалған қазақ жырларын орындады. Жандары жаннатта болғай! Солардың ізін қуған жалғыз жыршы Бəндер Түркімен қаласының тұрғыны Шомақ Бəйбіше де қазіргі кезде домбыраны қолға алуға зауқы соқпай жүр?! Ол иран қазақ жыршыларының соңғы жыршысы болып, сондағы жыршылық дəстүрін бір жолата тоқтатқан сияқты. Ендігі жерде қазақ жастарын иранның кембағал əндері тəрбиелеп келе жатыр.

Ұлттық ойындар- 1970-80 жылдары иран қазақтарының арасында ұлттық ойындар қатарында жастардың сүйікті «жеті қол» ойнын, қазақша күрес, асық ойнау, ақ сүйек, жасырынбақ, лəңгі тебу ойындарын атай аламыз. Шынын айтар болсақ ұлттық ойындарымызды өз заманына сай жаңаша формасына ендіріп əрі дамуына үлес қоса алмаған біздің буын. Біз ұлттық бейнеміз тіл жəне дін арқылы сақталып қалады деп есептеп жүрдік. Ұлттық салт-дəстүр қатарында Ұлттық ойындарға аса мəн бере қоймадық. Сол үшін аса жылдамдықпен футбол, бокс, гимнастика, жүзу, жеңіл жəне ауыр атлетика, баскетбол, волейбол ойындары қазақ жастары арасында өріс ала бастады, мақтанарлықтай да нəтижелерге қол жеткізді.

Үйлендіру- ұрпақ жалғастыру бұлағы деп білетін қазақтар иранға барған бастапқы жылдары бабалар дəстүрі бойынша ұл баланы 14-16 жас аралығында, əлеуеті бар болған жағдайда, қыз-жігіттен сұрамай-ақ үйлендіріп, бір-екі жыл кейін еншісін беріп жеке шаңырақ тіккізетін. Бұл дəстүр 1950-1980 жылдары аралығында жүйелі түрде орындалып келсе, бүгіндері екі өзгеріске ұшырады. Бірі- жігіттің үйлену жасы 25-30 жас аралығы болса, екішісі- ұл мен қыз бір- бірімен танысып, білісіп келісім бергеннен кейін қосылады.

Оқу тіршілік етудің басты құралы- Қазақтардың 1960 жылдарға дейін азаматтық алу мен тіршілік көзін табу үшін өмірлері тартыс пен шайқасқа толы болды. Сол үшін білім алып, өздерінің сауатын ашуға мүмкіндік ала алмай келді. Кейін ес жиған аталар басты міндетті балаларды оқыту деп қабылдады. Олар «Біз сауатсыздықтың зардабын шектік, көкірегімізде бəрі сайрап тұрса да мынау құрғыр сауатсыздықтан айтуға сөз таба алмай қор болдық. Енді қара нан жесек те сізді оқытамыз. Ел қатарынан қалғыңыз келмесе, оқыңыз. Оқымасаңыз сізге серт, оқыта алмасақ бізге серт»,-деп ағынан жарылып айтатын.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға