Жаңалықтар

"Жындардың мейрамы": ҚМДБ хэллоуин мерекесі туралы мәлімдеме жасады

"Жындардың мейрамы": ҚМДБ хэллоуин мерекесі туралы мәлімдеме жасады
Фото: © Pixabay.com 24.10.2023 10:00 1313

ҚМДБ Шариғат және пәтуалар бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы хэллоуин мерекесі исламға да, қазаққа да қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хэллоуин – жындардың мейрамы, оның дінімізге де, қазаққа да қатысы жоқ. Шариғатымыз мұндай мерекелерге тыйым салған. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кәпір қауым сияқты болмауды ескерткен. Ибн Омар (р.а) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде-кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан болады, – делінген жазбада.

Айта кетейік, жыл сайын 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні әлемде Хэллоуин мерекесі тойланады. Сан түрлі бейнедегі костюмдер, асқабақтан ойылған символдар құрлық асып біздің елге де жеткендей. Асқабақ астық жинау науқанының аяқталуымен қатар, жын-пері мен оны үркітетін отты да білдіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға