Жаңалықтар

Жылыойда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын есептейтін комиссия жұмысын бастады

Жылыойда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын есептейтін комиссия жұмысын бастады
Фото: Атырау облыстық жедел штаб 04.05.2024 00:20 471

Атырау облысы Жылыой ауданында мүлік иесін су тасқыны салдарынан зардап шеккен деп тану және мүліктік шығындарды алдын ала бағалау комиссиясы құрылып, жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда комиссия құрамы 100-ге жуық кәсіпкерлік нысанды аралап, анықтау жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі  жалғасуда. Сондай-ақ Құлсары қаласындағы  №9 мектеп ғимаратында кәсіпкерлерден өтінім қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға