Жаңалықтар

Жылыой ауданында отыз мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді

Жылыой ауданында отыз мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 07.04.2024 09:03 560

Атырау облысында құтқарушылар Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсету үстінде. Осы сағатта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды, -деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. 

Құлсары қаласында су тасқыны жағдайында ЖАО, ТЖД, ҚМ, полиция, әскери қызметшілер, еріктілер мен тұрғындардың күшімен бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырып жатыр.

Қазіргі уақытта ауданда 46 352 қап төселіп, 174 312 тонна инертті материал төгілді. Әкімдіктің мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен инфрақұрылымды су басқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға