Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
05.06.2024 17:46
534
Бұл туралы Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жылыой ауданы бойынша 20 жалпы білім беру мектебі бар. Биыл 684 түлек он бірінші сыныпты аяқтап отыр. Оның ішінде, 617 түлек ҰБТ-ға қатысуға өтінім берді. Түлектер қазіргі уақытта мемлекеттік емтихандар тапсыруда. Бір түлек денсаулығына байланысты, Атырау облыстық білім беру басқармасының бұйрығымен мемлекеттік емтиханнан босатылды, деді спикер.
Сондай ақ, Жылыой ауданы бойынша 9 сыныпты аяқтап отырған оқушылардың 30 пайызы оқуын колледждерде жалғастыруға ниет білдірген.
Биыл Жылыой ауданы бойынша 1606 оқушы 9 сыныпты бітіреді. Қазіргі уақытта оқушылар мемлекеттік емтихан тапсыруда, деді Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлжансара Таңатарова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға