Жаңалықтар

Жылына 4 жарым мың ота жасалады – Серік Ақшолақов

Серік Ақшолақов Қазақстандағы нейрохирургия саласының 14 жыл ішіндегі жетістіктеріне тоқталды
Жылына 4 жарым мың ота жасалады – Серік Ақшолақов
Фото: inform.kz 01.07.2022 11:05 2459

Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық нейрохирургиялық форум және «Нейрохирургия: тарих, қазіргі заман, тұлғалар» атты кинофестивалінің шымылдығын Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма басшысы Серік Ақшолақов ашты, – деп хабарлайды El.kz

Серік Ақшолақов Қазақстандағы нейрохирургия саласының 14 жыл ішіндегі жетістіктеріне тоқталды.

– Біз 14 жыл ішінде жаңа технологияларды өзіміздің тәжірибемізге енгіздік. Бұрын Қазақстанда Орталық Азияда болмаған 70-тен аса жаңа технологияларды қолданамыз. Орталықта жылына 4 жарым мың операция жасайды. Соның 70, 80 пайызы бұрын шетелге баратын. Қазір олардың бәріне тегін ем алады, жоғары сапалы заманауи технологиямен көмек көрсетіп отырмыз. Науқастар шетелге барып емдетуді толығымен тоқтатты, – деді Ұлттық нейрохирургия орталығың басқарма төрағасы Серік Ақшолақов.

Спикердің айтуынша, Ұлттық нейрохирургия орталығы бас және жұлын миы аурулары, орталық жүйке жүйесінің тамырлы және функционалдық зақымдануы, балалардағы орталық жүйке жүйесінің туа біткен патологиясы, орталық және перифериялық жүйке жүйесі жарақаттарының салдары, нейрореабилитация бойынша қызмет көрсетеді.

– Былтырдан бері ең жоғары технология іске қосылды. Орталық Азиядаға ең маңызды аппарат біздің елде. Орталық заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Өткен жылы радиохирургиялық емдеудің үлкен жетістігі болып табылатын Гамма-пышақ стереотаксикалық радиохирургиялық қондырғысының жұмысы іске қосылды. Бүгінгі таңда әлемде 400-ге жуық Гамма-пышақ қондырғылары бар, олардың жартысы АҚШ пен Жапонияда орналасқан. ТМД аумағында біз Ресей мен Беларуссиядан кейін Гамма-пышақ қондырғысын қолданатын үшінші елміз, – деді Халықаралық нейрохирургиялық форумда Серік Ақшолақов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға