Жаңалықтар

Жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 93 млрд теңге қарастырылған

Жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 93 млрд теңге қарастырылған
Фото: Ukimet 08.10.2024 11:08 398

Өңірлерде жылу және сумен жабдықтау объектілері мен желілерінде жөндеу жұмысы аяқталып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылу беру маусымында инженерлік желілер мен автономды қазандықтардың дайындығы мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндама жасады. Ол Қазақстанда жылу беру маусымына 12 мыңнан астам автономды қазандық дайындалғанын хабарлады. Сондай-ақ олардың қажеттілігі үшін дизель отыны, мазут және көмір жеткілікті мөлшерде дайындалған.

Биыл 161 км жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 93 млрд теңге қарастырылған. 104 км желіні нысаналы трансферттер есебінен жаңарту жоспарланған, 57 км желіні қалпына келтіруге Үкімет резервінен ақша бөлінеді. Инвестициялық бағдарламалар бойынша 69 км жылу желілерін жөндеу жоспарлануда.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар қаржыландыру жоспарына сәйкес осы жылдың сәуір айынан бастап 93 млрд теңгеден 72 млрд теңге немесе 78%-ын аударған. Жылумен жабдықтаудың жоспарланған 64 жобасы бойынша 159 км желі төселді.

Инженерлік инфрақұрылымды жоспарлы жөндеу шеңберінде өңірлерде келесідей жұмыстар жүргізілді:

- 536 км жылумен жабдықтау желілері жөнделді немесе жоспардың 99%;

- 1025 км сумен жабдықтау желілері немесе 90%;

- су бұру бойынша 159 км немесе 98% жөнделді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға