Жаңалықтар

Саулық – байлық негізі

Денсаулық тақырыбында жазылған материалдарға шолу
Саулық – байлық негізі
28.12.2021 11:14 6151

Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы. Жеке бастың саулығы әркімнің жауапкершілігінің, салауаттылығы мен саналылығының көрсеткіші деуге болады. Жалпы халық денсаулығын әр мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму сатысы мен жетістіктерінің сипаттамасы деп қарау керек. El.kz интернет-жобасы денсаулық сақтау тақырыбын жыл бойы тұрақты көтеріп, оқырмандарының сұранысына жауап беретін маңызды мақалалар мен сұхбаттар жариялап отырды. 

Саулық – байлық негізі

Ревматизм мүгедектікке алып келеді

Бұл мақалада ангина мен қызамықты (скарлатина) дұрыс емдемеген жағдайда жүрек пен буындардың ауыр дертіне шалдықтыратыны туралы жазылған. Ревматолог Гүлнәр Айтқазықызы ревматизмнің симптомдары – кардит, полиартрит, сақина тәрізді эритема және ревматикалық түйін, хорея туралы кеңінен баяндап өтеді. Сол сияқты ревматимзмнің сақтану жолдары да айтылады.

Саулық – байлық негізі

Нүктелі массаждың денсаулыққа пайдасы

Нүктелі массаж туралы Қытайдан келген қандасымыз Шығыс медицинасын жетік меңгерген иглотерапевт Есбол Мұқанұлымен жарияланған сұхбат маңызды мәліметтерге толы болды. Нүктелі массаждың емдік қасиеттері, түрлері, массажды жасауда қолданылатын аспаптар жайында осы материалда танысуға болады. Иглотерапевт көпшілігіміз біле бермейтін ішкі органдардың ауруларына жататын асқазан және өттің толуы, несеп жыныс жолдарының ауруларында және буын қозғалыс тірек қимыл аурулары: артрит, артрозда нүктелі массаждың үлкен әсері бар екендігін айтып өткен.

Саулық – байлық негізі

Хиджама әдісімен қан алдыру пайдалы ма?

Хиджама әдісі арқылы қан алдыру қазіргі қоғамда кеңінен таралған. Осыған орай, мақала шыға салысымен үлкен резонанс тудырды. Өз ісінің нағыз маманы хиджама жасаушы Лаура Әлайдарқызымен болған сұхбатта хиджаманың қалай жүргізілетіні, қандай ауруларға ем екендігі жөнінде айтылады. Сондай-ақ, маманның өзіндік кеңестері де бар.

Саулық – байлық негізі

Сұлулық сыры – күтімде

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай жарияланған мақалада бет күтіміне aрнaлғaн мaскaлaр, SPF-тің мaңызы, бетті тазарту тәсілдері, әжімді кетіру жолдaры, бетке aрнaлғaн пиллинг пен мaссaждың пaйдaсы, жыл маусымындағы бет күтімінің ерекшелігі туралы айтылады. Косметолог-эстет Aяжaн Мырзaмсейітовa бет күтімімен байланысты нәзікжандыларды мазалайтын көптеген сұрақтардың жауабын айтқан.

Саулық – байлық негізі

Көздің көруін жақсарту үшін не істеу керек?

Қазіргі гаджетке байланған қоғамда көз аурулары жиілеп кеткен рас. Осыған орай, 11 жылдық еңбек тәжірибесі бар көз дәрігері Алексей Лим «адамдардың көзінің нашарлауының басты себептерінің бірі – артық күш түсіруде жатыр» дейді. Ол белгілі бір жаттығулар арқылы көзді қалыпқа келтіруге болатындығын сеніммен айтады. Оның ішінде күніне кем деген 5-10 мәрте жасалатын пальминг бар. Және көзге пайдалы дәрумендері бар жеміс-жидектер мен тағамдардың да аты аталады.

Саулық – байлық негізі

Балаларды коронавирустан қорғау үшін не істеу керек?

Еліміздегі эпидимиологиялық жағдайға байланысты жарияланған сұхбатта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты №3 көпбейінді аурухананың дәрігері, педиатр-инфекционист Асылзат Байғонова маңызды ақпараттармен бөліскен. Ол балалардағы коронавирустың алғашқы белгілері ересектерден аса ерекшеленбейтінін айта келіп, кішкентай бүлдіршіндердің денсаулығы үшін үйдегі санитарлық және гигиеналық шараларды сақтау керектігін баса айтып өтеді.

Саулық – байлық негізі

«Құтыдағы бақыттың» құны қанша?

Бүгін де өткір мәселеге айналған бедеулік проблемасын мейілінше шешу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Бұл үшін бюджеттен 6 миллион теңгеден аса қаражат бөлініп, квота саны 7 есеге ұлғайған еді. Бағдарлaманың мaқсaты – қoсaлқы репрoдуктивті технoлoгиялардың көмегімен отбасылық-демогpафиялық прoблeмаларды шешуге жәрдемдесу. Бұл мақалада акушер-гинеколог Динара Мірзахметова әйелдерді бедеулікке әкелетін бірнеше факторларына тоқталады. Айта кету керек, «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасын таппақ.

Саулық – байлық негізі

Құлақ ауруларын қалай емдеуге болады?

Cтатистикалық мәліметтерге назар салсақ көбіне еңбекке қабілетті адамдар құлақ ауруларымен жиі ауырады екен. Адам жасы келе қан айналымының нашарлауынан, мойын омыртқасының остехондрозы салдарынан, есту жүйесінің невриті аурулары жиі пайда болады екен. Отоларинголог Бек Мункубаев жиі кездесетін құлақ аурулары мен олардың симптомдары туралы айтып береді. «Науқас уақытылы кеңес алса, оны жазып шығу дәрігерге де, науқасқа да жеңіл болады» - дейді дәрігер.

Саулық – байлық негізі

Дәрігер: «Газдалған сусындар ағзадағы кальцийді шайып кетеді»

Қызылорда облысындағы медициналық орталықтың травмотология бөлімінің меңгерушісі, кәсіби маман Айдос Сапаров кальций жетіспеушіліктің алдын алу қажет дейді. Себебі, травмотологиялық аурулардың дені кальциймен тікелей байланысты. Бүгінгі қоғамда жастардың газдалған сусынды көп пайдалануы адам ағзасындағы кальцийді жылдам шығаруға ықпал ететіні айтылады. Ал бұл дәруменнің азаюы көптеген жарақатқа себепкер дейді травмотолог.

Саулық – байлық негізі

Қай вакцина дұрыс?

Пандемияға тосқауыл болатын жалғыз жол – вакцинация. Осыған орай, Қазақстанда халықты жаппай вакцинациялау жүргізілген еді. Qazvak, СпутникV, Hayat секілді вакциналардың арасынан ел қайсысын таңдаған дұрыс деп толғанған тұста El.kz сайтында танымдық материал жарыққа шықты. Халық көкейінде жүрген көптеген сауалдың жауабын Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері, Medsupportkz волонтерлік ғылыми қоғамдастығының үйлестірушісі Динара Өскенбаева айтып берді.

Саулық – байлық негізі

Томотерапиялық емдеу тәсілі туралы не білеміз?

Бұл онкологиядағы сәулелік терапияның бір түрі. «TomoTherapy» HD заманауи емдеу құрылғысы Орта Азия елдерінің ішінде біздің астанада ғана жұмыс істеп тұр. «Үміт» томотерапия орталығында амбулаторлық жағдайда сәулелік терапия (радиотерапия), маммология орталығы және обырды ерте диагностикалау бөлімшелері жұмыс жасайды. Мұнда жұмыс істейтін онколог дәрігерлер томотерапияны қолдану аясы, мүмкіндіктері туралы толық баяндайды.

Саулық – байлық негізі

Қан тапсыру адам өмірін 5-7 жылға ұзартады

Дәрігерлер қан тапсыруды әдетке айналдырған адамның ағзасы әртүрлі аурулар мен күйзеліске қарсы тұра алатынын, жүрек-қан тамырлары ауруына сирек шалдығатынын дәлелдеп шыққан. Қан тапсыру арқылы бірнеше адамның өміріне араша болып, игі іс атқаруға мүмкіндік бар. Бұл танымдық мақалада қандай жандар донор бола алатыны, қан тапсырудың артықшылығы, пайдасы мен зияны туралы толық мәлімет беріледі.

Саулық – байлық негізі

Менингитті дұрыс емдемеу мүгедектікке алып келеді

Менингит - өте қауіпті инфекциялық ауру, бас және жұлынның жұмсақ қабығының қабынуы және түрлі бактериялар мен вирустардан туындап жатады. Соңғы уақыттары елімізде осы ауру жиілеп кетті. №8 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік маманы Шолпан Дайрабаева менингококк пен менингиттің айырмашылығы, менингитпен ауырған адамның алғашқы белгілері, инфекцияның таралу жолы, емдеу шаралары туралы айтып өтеді. «Менингитке шалдыққан адам дер кезінде ем-дом қабылдаса, ауруынан толық айыға алады», - дейді дәрігер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға