Жаңалықтар

Жылдың үздік жас кәсіпкерлері марапатталды

Алматыда Жастар кәсіпкерлігінің республикалық Форумы өтті.
17.11.2015 06:28 4099

Жақында Алматыда Жастар кәсіпкерлігінің республикалық Форумы өтті. Форумға экономика мен қаржы саласының жетекші сарапшылары, жас кәсіпкерлер, инновациялық компания өкілдері, бизнес-бірлестіктер, БАҚ, сонымен қатар Қазақстанның 30 аса жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары қатысты.

Шараны «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесімен серіктесе ұйымдастырды. Форумның ашылу салтанатында  «Даму» Қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова: «Қазіргі Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесі ерекше мәртебеге ие. Өйткені тап осы жастар мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев маңыздылығын бірнеше рет атап өткен ШОБ дамуына жаңа қарқын береді», - деді.

 Жылдың үздік жас кәсіпкерлері марапатталды

Форум аясында «Жылдың үздік жас кәсіпкері» Республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға сарапшы қазылар 8 номинация бойынша жобаларын бағалаған 18-29 жас аралығындағы кәсіпкерлер қатысты. Байқау қазыларының құрамына алдыңғы қатарлы кәсіпкерлер, бизнес үйретушілер, мемлекеттік орган өкілдері кірді.

 Жылдың үздік жас кәсіпкерлері марапатталды

Байқауға қатысушылардың барлық өтінімдері сегіз номинация бойынша бағаланды. Байқау жеңімпаздары Қазақстанның барлық аймағынан келген жастар.

 1. «Сауда/қызмет көрсету саласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері» аталымымен – 28 жастағы Қарағандылық Бауыржан Алдоңғаров марапатталды.

 2. «PR және маркетинг саласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері» аталымымен – 22 жастағы Талдықорғандық Дархан Шәкенов марапатталды.

 3. «Өндіріс саласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері» аталымымен – 24 жастағы Шымкенттік Нұрсұлтан Мырзаев марапатталды.

 4. «Ақпараттық технологиялар саласындағы жылдың үздік жас кәсіпкері» аталымымен – 22 жастағы Павлодарлық Ержан Әлинов марапатталды.

 5. «Жыл серпіні» аталымымен – 22 жастағы Павлодарлық Бақтыгүл Қасымова марапатталды.

 6. «Жылдың әйел – кәсіпкері» аталымымен – 29 жастағы Астаналық Динара Омарова марапатталды.

 7. «Жылдың үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпкері» аталымымен – 27 жастағы Алматылық Алеся Нугаева марапатталды.

 8. «Үздік старт-ап» аталымымен – бар болғаны 19 жастағы ең жас жеңімпаз, Астаналық Дидара Пернебаева марапатталды.

 

Атап өту керек, өткен жылдың үш жеңімпазы биыл «Даму» Қорының ағартушылық жобаларына: Астана қаласынан Кәмилә Серікова «ШОБ топ-менеджментін оқытуды» таңдады; Астаналық Анар Аңсабаева «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқудан өтті; Атырау қаласынан Ержан Нұршанов «Жас кәсіпкер мектебіне» қатысты.

Жылдың үздік жас кәсіпкерлері марапатталды 

Сонымен қатар форум аясында Ләззат Ибрагимова, белгілі кәсіпкерлер Райымбек Баталов пен Рамиль Мухоряпов және басқалар қатысқан «Тәжірибе нені меңзейді және жастар неге үміттенеді?» тақырыбымен панельді пікірсайыс өтті. Печа-Куча таныстырылымы түріндегі жастардың бизнес-жобаларының көрмесі, ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлерге бизнес-баулушының кеңестері - TOP TO FUTURE TOP FORUM сессиясы, табысты кәсіпкерлер және корпоративті бизнес пен басқарушылық секторы топ-менеджерлерінің мастер-класстары ұйымдастырылды.

 Жылдың үздік жас кәсіпкерлері марапатталды

«Даму» Қоры жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға белсене атсалысады. Биыл жастардың стартап-жобаларын қолдау бағдарламасы іске қосылды. Қордың аймақтардағы 12 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 269 адам оқудан өтті. Жуық арада тағы 5 өңірде – Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Талдықорғанда оқытулар өткізіледі. Оқытудан бөлек қатысушыларға бизнес жоспарлар әзірлеуге, ЖКС тіркеуге, Қор бағдарламалары бойынша қаржылай қолдау алуға өтінім беруге және т.б. бойынша көмектер көрсетіледі.

Астанада Қордың «Болашақ» қауымдастығымен бірлескен «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы» басталды. Байқау аясында реалити-шоу түсірілімдері өткізілуде. Ал 21 қарашада бизнес-жоспарлар лауреаттарының марафоны, жеңімпаздарды анықтау мен «Болашақ» қауымдастығының гранттарын тапсыру рәсімі өтеді. Байқау демеушілері бөлген қаражаттың жалпы сомасы 25 млн.теңге.

Жылдың үздік жас кәсіпкерлері марапатталды 

2016 жылы «Даму» Қоры кәсіпкерлік негіздерін үйренуге ниет білдірген студент жастарға арнайы оқыту курстарын ұйымдастырып, оларға оқу орнын бітірген соң меншікті бизнесін ашуға мүмкіндік туғызатын кешендік қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Қазірдің өзінде өз бизнесін ашқан жас кәсіпкерлер, «Даму» Қорының қаржылық қолдау құралдарын пайдалана алады. 2 қарашадағы ахуал бойынша 127 адам 2,5 млрд.теңге сомаға ішінара кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде «Даму» Қорының кепілдігін алды. Кепілдік сомасы 1,2 млрд.теңге. 585 адам 117,6 млрд. теңге сомасындағы несиелер бойынша субсидия алды. Банктерге қаражатты шартты орналастыру бағдарламасы есебінен жас кәсіпкерлердің 720 жобасын жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 50,5 млрд. теңге бөлінді.


Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға