«Жылауға дайындалып отырсам». Балалардың анасына айтқан әні қызу талқыға түсті

Мереке қарсаңында кішкентай бүлдіршіндерге дейін аналарын қуантуға асыққаны рас. Балабақшаларда арнайы қойылым қойып, түрлі ән шырқады. Сондай орындаудың бірі әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
TikTok қолданушыларының бірі жас әнші Садраддиннің «Ана» әнін орындаған бүлдіршіндердің видеосын жариялады. Алайда бүлдіршіндердің туындыны ерекше орындауы желі қолданушыларының тарапынан қызу талқыға түскен. Видео қазірдің өзінде 1,5 миллион қаралым жинаған.
Видео авторы Бибінұр Сәтбаева:
Аналарын керең деп ойлады ма екен? – деп жазған әзілдеп.
Әнді барынша эмоциямен жеткізгісі келсе керек, балалардың бұл орындауы хорға емес, жаппай шыңғырған дауысқа ұқсап кеткен. Бұл жайт желі қолданушыларының назарынан тыс қалмаған.
«Жылауға дайындалып отырсам», «Қорқып кеттім ғой», «Жазда ұйықтайын деп жатқандағы масалар ғой», «Садраддин көрмесін», «Аш лақтар сияқты», – деп жазды көпшілік.
@bibi.satbaeva ♬ оригинальный звук - Психолог Шымкент
