Жаңалықтар

«Жыламаймын деп сөз бердім». Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайына жан тебірентер жазба арнады

«Жыламаймын деп сөз бердім». Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайына жан тебірентер жазба арнады
Фото: Видеодан кадр 01.12.2023 13:28 9804

Бүгін Ләйлә Сұлтанқызының марқұм күйеуі, белгілі кәсіпкер Қайрат Беркінбаевтың туған күні. Туған күніне орай танымал журналист күйеуіне жан тебірентер жазба арнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыламаймын деп сөз бердім ғой, арасында сөзімде тұра алмай қаламын... Баламен бала болатын, үлкен-кішіні сыйлайтын, қалжыңбас, жарқын жүзді, әрқашан «ортаның гүлі» дейтін Қайрекең… Сен қасымда болғанда езуім жиылмайтын, ойнайтынмын, сенімен сырласып, кейде бір тоқтамай ішегіміз түйілгенше күлетінбіз. «Болды, қойшы» дегенде, «не болды, бензинің таусылды ма? Блютузыңды қоссайш» деп одан сайын әкететін еді. Қазір де жазып отырып еріксіз жымиюдамын... Бүгін жанымда болғаныңда дүркіретіп тұрып туған күніңді тойлар едік… 58-ге толдың деп, толассыз тілек тыңдар едік, - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Айта кетейік, Қайрат Беркінбаев былтыр 6 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға